20 қыркүйек 2017 08:45

Мексикада жойқын зілзала болды: 44 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

REUTERS/Claudia Daut© REUTERS/Claudia Daut©

Мексикада болған жойқын жер сілкінісінен кем дегенде 44 адам қаза тапқан, - деп хабарлайды РИА Новости елдің апат-құтқару қызметінің басшысы Луис Фелипе Пуэнтеге сілтеме жасап.


Мексикада болған жойқын жер сілкінісінен кем дегенде 44 адам қаза тапқан, - деп хабарлайды РИА Новости елдің апат-құтқару қызметінің басшысы Луис Фелипе Пуэнтеге сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта қаза тапқандардың саны ресми 44: 42 адам Морелос штатында және екеуі Мехикода" - деп жазды ол Twitter желісінде. 

Еске салайық, 19 қыркүйекте Мексикада магнитудасы 7,1 балл жер сілкінісі болған. Зілзаланың жер ошағы Пуэюда-де-Сарагоса қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 49 шақырымда және Тепеохума елді мекенінен сегіз шақырымда тіркелген. Жойқын сілкіністі Мехико тұрғындары да сезген.  

Мехиконың азаматтық қорғаныс министрі Фаусто Луго жер сілкінісінен кейін қираған және өртенген үйлер жайлы хабарлады, қиранды астында адамдар қалып қойған. Көптеген ауданда жол қозғалысы шектелген, ұзын-сонар кептеліс пайда болған. Мехиконың Бенито Хуарес атындағы халықаралық әуежайы жұмысын тоқтатты. Төрт миллионға жуық тұтынушы жарықсыз қалған.

Бұл осы айда болып отырған екінші жойқын жер сілкінісі екенін де айта кетейік. 7 қыркүйекте 8,2 балл болатын жер сілкінісі тіркеліп, оның салдарынан 200-ге тарта адам қаза тапқан еді.

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети