11 қазан 2022 12:15

ҚР СІМ өкілі Украинадағы елшік қызметкерлерін эвакуациялауға қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Украинадағы елшілігі қызметкерлерін эвакуациялау мәселесін талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Украинадағы елшілігі қызметкерлерін эвакуациялау мәселесін талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір Украинада Қазақстанның қанша азаматы бар екені туралы ақпаратты тексеріп жатырмыз, өйткені соңғы оқиғаларға байланысты бұл көрсеткіш әртүрлі. Өздеріңіз көрдіңіздер, кеше оларға осы жағдайда қандай да бір көмек көрсету туралы Украинадағы елшілігіміздің хабарламасы жарияланды. Алғашқы эвакуация кезінде көп адам кетіп қалды, мүмкін кейбіреуі қайтып барған шығар, сондықтан мен дәл қазір нақты санды айта алмаймын", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, Қазақстанның Украинадағы елшілігі қазір жұмысын жалғастырып жатыр.

"Қазір мәселе елшілікті жабу туралы емес, мәселе елшілік қызметкерлерін эвакуациялау туралы болып отыр. Бұл мәселе жақын күндері шешіледі. Толық эвакуация болуы әбден мүмкін", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети