ҚР СІМ өкілдері АҚШ-та кибералаяқтықпен ұсталғандарға қатысты мән-жайды айтты

28 Қараша 2018, 10:28
0
ҚР СІМ өкілдері АҚШ-та кибералаяқтықпен ұсталғандарға қатысты мән-жайды айтты - © barometr.kg
© barometr.kg

Сыртқы істер министрлігіндегілер АҚШ-та кибералаяқтық жасады деп айыпталған Евгений Тимченко мен Сергей Овсянниковтың Қазақстан азаматтығына қатысын тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияровтың хабарлауынша, тексеруді Қазақстанның Нью-Йорктегі бас консулдығы жүргізіп жатыр.

"АҚШ прокуратурасындағылардың айтуынша, Овсянников пен Тимченко 2018 жылы қазанда Малайзия мен Эстонияда ұсталған. Прокуратурадағылардың мәліметінше, оларды ұстау АҚШ сұранысы негізінде жүзеге асқан", - деп хабарлады Смадияров.

АҚШ-та екі қазақстандық 36 миллион долларды кибералаяқтықпен тартып алған деп айыпталып жатыр.

Бұл іс бойынша алты ресейлікке айып тағылған. РФ-ның Нью-Йорктегі бас консулдығы тағылған айыптарды растады.

Іс бойынша Қазақстанның мына азаматтары тартылып отыр: Сергей Овсянников, Евгений Тимченко. Ал ресейліктер Александр Жуков, Борис Тимохин, Михаил Андреев, Денис Авдеев, Дмитрий Новиков және Александр Исаев. Қала прокуратурасының мәлімдемесіне қарағанда, Овсянников Малайзияда, Жуков Болгарияда және Тимченко Эстонияда ұсталып, енді АҚШ-қа жеткізіледі деп жоспарланып отыр, қалғандары бостандықта жүр.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай