Алматыда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың анасы - Заря Нұржанова 82 жасқа қараған шағында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың анасы - Заря Нұржанова 82 жасқа қараған шағында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Заря Мәлікаждарқызы филолог болды, ол әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде жұмыс істеді. Оның жұбайы Әбілфайыз Ыдырысов - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, журналист, 800-ден астам еңбектің авторы. Ол "Таңшолпан" атты романды жазған. Заря Нұржанова 3 желтоқсан күні жерленеді. Онымен қоштасу сағат 09.00-да Ғалымдар үйінде өтеді.
Еске сала кетейік, 12 қараша күні ҚР Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ержан Қазыхановтың әкесі - ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хозе Қазыханов өмірден өткен еді. Профессордың зерттеулері академик Өмірбек Жолдасбеков басқарған Қазақстан машиналар мен механизмдер теориясы мектебінің қалыптасуы мен дамуында айтарлықтай роль атқарды. Хозе Қазыханов ғылыми еңбектері үшін "Құрмет" орденімен марапатталған.