Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Ғалым Хозе Қазыханов қайтыс болды

13 Қараша 2014, 16:23
0
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хозе Қазыханов.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хозе Қазыханов.

Ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хозе Қазыханов 76 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ғалым Қазақстанның теориялық және қолданбалы механикасының дамуына айтарлықтай үлес қосты. "Хозе Рақымханұлы асқан қарапайымдығымен ерекшеленетін, ол нағыз зиялы адам болды, көп уақытын жас ғалымдарды тәрбиелеуге жұмсады. Ол Қазақстанда танымал тұлғаларға айналған тамаша ұлдарды өсірді. Көрнекті ғалым, тамаша адам Хозе Қазыхановтың есімі жүрегімізде мәңгі сақталады", - дейді әріптестері мен достары.

Хозе Қазыханов 1937 жылы 18 қарашада Семей облысы Аягөз ауданының Мыңбұлақ ауылында дүниеге келді. 1960 жылы Ленинград инженерлік-құрылыс институтының механика факультетін бітіріп, содан кейін Алматы жол белгілері және жол көліктері зауытына жұмысқа алынды. 1961 жылы жарқырайтын жол белгілерін әзірлеу жүйесін жасап, сол үшін КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің медаліне ие болды. Оны Ленин атындағы қазақ политехникалық институтының теориялық механика кафедрасына шақырады, кейін Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің аспирантурасына түседі. Бұдан соң ұзақ жыл еліміздегі жетекші оқу орындарында қызмет етті. 

70-жылдары Қазыханов АҚШ университеттерінде еңбек тәжірибесінен өтті. Елге келгеннен кейін ол ірі техникалық проблемаларды шешудің америкалық ғалымдар жасаған байланыс кескіндері әдісін дамытты. Оның жетекшілігімен күрделі техникалық жүйелерді динамикалық модельдеуге арналған бағдарламалар кешені, атап айтқанда, атақты Дон-1500 астық жинаушы комбайнды, тау-кен шахтасы жабдықтарын модельдеу бағдарламасы, сымдарды сүйрету процесі жасалды. 1990 жылдары Хозе Қазыханов Түркия университеттеріне оқытушылыққа жіберілді, ол жақта 2003 жылға дейін жұмыс істеді. Түркияда "Механизмдер мен машиналар теориясы" атты оқулық шығарды, бұл еңбегі түрік тіліндегі 1995 жылдың үздік оқулығы ретінде Стамбұл техникалық университетінің бірінші сыйлығына ие болды. Отанына оралғаннан кейін ғалым 2008 жылға дейін Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры болып қызмет атқарды. 

Профессор Хозе Қазыханов - Халықаралық техникалық кибернетика академиясының академигі, Ресей халықаралық инженерлік академиясының мүше-корреспонденті, Қазақстан ұлттық инженерия академиясының академигі, АҚШ инженер-механиктері қауымдастығының мүшесі. Ғалымның зерттеулері академик Өмірбек Жолдасбеко басқарған Қазақстан машиналар мен механизмдер теориясы мектебінің қалыптасуы мен дамуында елеулі роль атқарды. Қазыханов ғылыми еңбектері үшін "Құрмет" орденімен марапатталған. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай