2027 жылдан бастап Алматыда ауаны қорғау жөніндегі жаңа ережелер толыққанды күшіне енеді, деп хабарлайды Tengri Auto Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Алматыда 2027 жылдан бастап атмосфералық ауаны қорғау қағидалары толық көлемде қолданысқа енгізіледі. Бұл талаптар кезең-кезеңімен іске асырылып, зиянды шығарындыларды азайтуға бағытталған.
Өзгерістер көлікке, кәсіпорындарға және жеке секторға әсер етеді. Атап айтқанда, автокөліктер үшін катализаторларды міндетті түрде пайдалану және шығарындылар нормаларын сақтау секілді бірқатар талап енгізіледі.
III санаттағы нысандар үшін сүзгілерді міндетті орнату, шаң басатын технология енгізу, тұрақты зертханалық өлшемдер жүргізу және экологиялық таза отын түрлеріне көшу талап етіледі.
Сондай-ақ, ережеге сәйкес, қаланың газдандырылған аудандарында қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады.
Бұл шаралар ауа ластануын азайтып, қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді деп болжанып отыр.