Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

ҚР Үкіметі жаңа экономикалық саясатқа көшу жағдайындағы шұғыл жоспарды мақұлдады

22 Тамыз 2015, 17:28
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

ҚР Үкіметі  жаңа экономикалық саясатқа көшу жағдайындағы шұғыл жоспарды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Үкіметтің селекторлық отырысын өткізді. Отырыста жаңа экономикалық саясатқа көшу жағдайындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері қаралды.

Үкімет мүшелері орта мерзімді перспективада экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар Жоспарын талқылап, сондай-ақ Үкімет пен Ұлттық банктің инфляциялық таргеттеуге көшу жағдайындағы шұғыл шараларын мақұлдады. Жоспарға сәйкес, Үкімет пен Ұлттық банктің қызметі экономиканың нақты секторын қолдауға, жеке инвестиция тартуды ынталандыруға, жұмыспен қамтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, қаржылық тұрақтылықты ұстап тұруға, Ұлттық қор қаражатын тиімді пайдалануға, сондай-ақ республикалық бюджет теңгерімдігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев атап өткендей, қаржы ресурстары шектеулі болып отырған жағдайда қаражат басым бағыттарға қайта үлестіріліп, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды қаржыландыруды оңтайландыру жалғасын табады, аяқталады. Сонымен қатар, ол шұғыл шаралар жоспары әлеуметтік маңызды тауарларға бағаның өсуіне жол бермеу, жеке тұлғалар мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының мерзімді депозиттері бойынша өтемақы төлеу механизмімен толықтырылатынын айтты. Жоспарға өнеркәсіп кәсіпорындарын, тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған топтарын қолдау және жұмыспен қамту бойынша жедел шараларды қамтитын өңірлік блок та қосылған. "Шұғыл сипаттағы басқа да амалдарды, соның ішінде жалпы алғанда экономиканың нақты секторындағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған сыртқы сауданы реттеу тарифтік емес әдістерін, ішкі нарықты қорғау амалдарын іске асыру қарастырылып отыр", - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, Үкімет мүшелері әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бағасының көтерілуіне жол бермеуді қарастыратын кешенді шараларды талқылады. Олар аталған тауарлардың маңыздылығын анықтап, жосықсыз бәсекелестердің жолын кесіп, монополияға қарсы бақылау шараларын қарастырмақ. Оған қоса, Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев аймақ басшыларына тұрақтылық қорлары арқылы тауар интервенциясын жүргізу және тұрақты түрде ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өтікізіп тұру керектігін айтты.

"Одан басқа, әлеуметтік маңызды тауарлар бағасына күнделікті мониторинг жүргізіліп, жылдың аяғына дейін базарларда әлеуметтік маңызды тауарларға талдау жасалады. Баға бәсекесінің дамуына кедергілер анықталатын болады", - деп түйіндеді Ерболат Досаев.

Отырыс соңында ҚР премьер-министрі мүдделі мемлекеттік орган басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай