25 ақпан 2015 | 18:17

ҚР Үкіметі кезектен тыс сайлау өткізуге кедергі көріп тұрған жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кезектен тыс президенттік сайлауға қатысты консультация өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кезектен тыс президенттік сайлауға қатысты консультация өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Мемлекет басшысы биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтары басшыларымен консультациялар ел тұрғындары мен түрлі ұйымдардың Президент сайлауын өткізуге қатысты ой-пікірлеріне байланысты өткізіліп отырғанын айтты. "Халық мемлекет жүзеге асырып жатқан бағдарламалар жалғастырылып, өз мәресіне жеткізіледі, ал олардың нәтижелері жұрттың өмірін жақсартуға мүмкіндік береді деп күтіп отыр. Бұл мәселе инвесторлар үшін сенімділік беріп, жаңа перспективаларға жол ашатындықтан маңызды мәнге ие", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кәрім Мәсімов қоғамда Президент сайлауын өткізу мәселесі белсенді талқыланып жатқанын растады. "Үкімет сайлау өткізу үшін заңдық тұрғыдан кедергі көріп тұрған жоқ. Іс жүзіндегі қисындылық жөнінен, Сіздің "Нұрлы жол" Жолдауыңыз дер кезінде жасалып, ел ішінде және сыртында жоғары бағаланды. Сондай-ақ Сіз "Қазақстан-2050" Стратегиясында ұзақмерзімді іс-қимыл жоспарын ұсындыңыз. Осыған байланысты сайлау өткізу мәселесі дер кезінде көтерілді, өйткені ол аталған шаралардың бәрін жүзеге асыру үшін қосымша мандат береді. Жалпы алғанда, сайлау Қазақстанның тұрақты дамуы үшін қажетті сенімді еселей түседі", – деді Премьер-министр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы бүгін Парламенттің қос палатасының спикерлерімен де осы мәселе жөнінде консультация өткізген болатын. Еске салайық, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу бастамасын Қазақстан халқы ассамблеясы көтерді. Ұсынысты Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары және қоғамдық ұйымдар тегіс қолдады. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети