14 желтоқсан 2018 11:36

ҚР ұлттық экономика министрі тағы бір қызметке тағайындалды

Тимур Сүлейменов

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің жанындағы Стратегия комитетінің төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі economy.gov.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің жанындағы Стратегия комитетінің төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі economy.gov.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің жанындағы Стратегия комитеті мемлекеттік стратегиялық тапсырмаларды жоспарлау және іске қосу мәселелерін қарау үшін құрылған.

Реклама
Реклама

Стратегия комитетінің негізгі міндеті маңызды стратегиялық тапсырмаларды жіктеуді мынадай жолмен қамтамасыз ету болып табылады: "Қордың директорлар кеңесінде Қордың даму стратегиясын 10 жылдық кезеңге алдын ала мақұлдау және Қордың даму жоспарын 5 жылдық кезеңге одан әрі қарау үшін; Қордың директорлар кеңесінде Қордың Даму стратегиясы мен Даму жоспарын іске асыруды мониторингілеу және бақылау мақсатында Даму стратегиясының, Қордың даму жоспарының іске асырылу барысы туралы есептерді қарау;
Қордың ұлттық компаниялардың даму стратегиясының ұлттық стратегиялар, міндеттер және мемлекеттік бағдарламалардың декомпозициялық стратегиялық көрсеткіштерімен сәйкестігі туралы ақпаратын қарау". 

Комитет Қордың директорлар кеңесінің тұрақты әрекет ететін консультативтік-кеңестік органы болып табылады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram