14 мамыр 2020 12:47

Кіші Арал теңізінің экологиясы жақсарды - министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:twitter.com/mirzagalievkz Фото:twitter.com/mirzagalievkz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев кіші Арал теңізі аумағындағы экологиялық жағдай жақсарғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев кіші Арал теңізі аумағындағы экологиялық жағдай жақсарғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оңтүстік өңірде жұмыс сапарымен жүрмін. Жақында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықовамен бірге кіші Аралға бардым. Солтүстік Аралдағы жағдайдың жақсаруына Көкарал бөгетінің салынуы ықпал етті. Бүгінде мұндағы су көлемі 27 текше шақырымға жетті, аймақтың экологиясы жақсарды, балық аулау саласы белсенді дамып жатыр, су қоймасында балықтың 20-дан астам түрі бар", - деп жазды министр Twitter желісіндегі жеке парақшасында.
 
 

Ол бөгеттің стратегиялық маңызын атап өтіп, оны үнемі бақылауда ұстап отыру керегін айтты.

"Осы мақсатта оны нығайту бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр. Жобаның жобалық-сметалық құжаттары жасалып жатыр. Жоба алдағы уақытта жүзеге асырылады және нысанды қайта құру кезінде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бар", - деді Мырзағалиев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети