ҚТЖ-да енді төрағаның екі бірінші орынбасары болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚТЖ-да енді төрағаның екі бірінші орынбасары болады ҚТЖ ғимараты. Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Желіде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының құрылымы талқыланып жатыр. Онда ҚТЖ басқарма төрағасының екі бірдей бірінші орынбасары бар екені көрсетілген. Ұлттық компанияның баспасөз қызметі жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының құрылымы талқыланып жатыр. Онда ҚТЖ басқарма төрағасының екі бірдей бірінші орынбасары бар екені көрсетілген. Ұлттық компанияның баспасөз қызметі жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік компаниясының жаңа құрылымы туралы хабарлама Yedilov Online Telegram-арнасында жарияланған еді.

7 шілдеде басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып бұрын цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болған Әнуар Ахметжанов тағайындалды.

Әнуар Ахметжанов - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановтың туған ағасы. Telegram-арнасының авторы жаңа лауазым арнайы құрылған болуы мүмкін деп болжаған.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасының екі бірдей бірінші орынбасары бар. Антикор төрағасының ағасы үшін арнайы "жылы орын" құрылды ма?", - делінген жазбада.

 

ҚТЖ баспасөз қызметі ұлттық компанияда басқарма төрағасының бірінші орынбасары екеу екенін растады.

"Бұл басқа елдер мен компаниялар тәжірибесінде бар. ҚТЖ-да бизнес-процестерді трансформациялау және цифрландыру мәселелері жөніндегі орынбасарды тағайындау осы бағыттағы жұмысты күшейтуге байланысты. Бұл бүгінде жұмыстың негізгі басымдықтарының бірі", - деді БАҚ-пен жұмыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы.

Сондай-ақ, ол Әнуар Ахметжанов барлық конкурс рәсімдерінен өткеннен кейін қызметке бекітілгенін атап өтті.

Компания басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымын Қанат Әлмағамбетов те атқарады.

2021 жылдың сәуірінде ҚТЖ басшысы ауысты. "Самұрық-Қазына" басқармасының шешімімен Ұлттық компания басқармасының төрағасы Нұрлан Сауранбаев болды. Бұрын ол Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети