03 сәуір 2023 18:14

Күдебаевтың шекарадан өтуіне қатысты жаңа мәліметтер айтылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев ресми жұмыс істеп тұрған шекараларды кесіп өтпеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев ресми жұмыс істеп тұрған шекараларды кесіп өтпеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты ведомство шектес мемлекеттердің шекара өкілдерімен өзара тексеріс жүргізеді.

"Бүгінгі күні шектес мемлекеттердің шекара өкілдері аппаратымен өзара іс-қимылда тексеріс тағайындалды. Тексеріс нәтижесі қосымша хабарланады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ Күдебаевтың шетелге қашқаны туралы мәлімдеген болатын. Ол Қырғызстанмен шекарадан өтіп, сол жерден Өзбекстанға өтіп, кейін Солтүстік Кипрге ұшып кетуі мүмкін екені жазылған еді.

Еске салайық, бұған дейін прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаны хабарланған болатын. Кейін күдікке ілінген генерал Күдебаев ауруханаға түскені белгілі болды. Сондай-ақ, Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы төртінші рет кейінге шегерілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети