07 сәуір 2022 12:13

Құжаттар дұрыс тапсырылған жағдайда тіркейміз - әділет министрі жаңа партиялар туралы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Әділет министрі Қанат Мусин Қазақстанда жаңа партиялардың тіркелуі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әділет министрі Қанат Мусин Қазақстанда жаңа партиялардың тіркелуі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қанат Мусиннің айтуынша, тіркеуге үш тарап құжат тапсырып жатыр.

"Олардың арасында "Ел тірегі" және "Байтақ" бар. Бірақ олардың құжаттары бірнеше рет қайтарылды. Ұйымдастыру тобында әр адамның деректері көрсетілуі керек. Кейбір жағдайларда адамдардың ЖСН сәйкес келмейді, ал кейбір жағдайларда қайтыс болған адамдар ұйымдастыру тобының тізіміне енгізілген. Осы жағдай басқа партиялардың мүшелерінде де кездеседі. Бұл адамдарды заң бойынша тізімнен шығару керек", - деді министр Сенат аясында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ұйымдық топ мүшелерінің саны тиісті деңгейге жетпейді.

"Егер көрсетілген заң талаптары орындалмаса, ұсынылған құжаттар қайтарылады. Бұл өз кезегінде ұйымдастырушылардың жұмысы мен жауапкершілігі, яғни олар тізімдерді жан-жақты тексеріп, кемшіліктерге жол бермеуі керек. Тапсырылған құжаттар дұрыс болса, міндетті түрде тіркейміз", - деді Мусин.

Министр енді партияны тіркеу үшін ұйымдық топтардың саны 1000 адамды қамтуы тиіс, партия мүшелерінің саны 20 мың болуы керек деп қосты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети