Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин өзінің ұлы Павелдің ерте басталған мансабы туралы қойылған сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин өзінің ұлы Павелдің ерте басталған мансабы туралы қойылған сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкімнің ұлы 2013 жылы 26 жасында Астананың Алматы ауданының басшысы атанды. Кейін "А" корпусына іріктеуден өте алмай, орнынан кетті. Қазір Павел Кулагин Астананың коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарады. Журналистер "26 жас әкім болуға ерте емес пе?" деген сұрақ қойды. Ал Сергей Кулагин БАҚ өкілдеріне қарсы сұрақ қойды.
"Сіздер "сіз қанша жаста әкім болдыңыз?" деп сұраңыздар. Мен 26-27 жаста кеңшар директоры болдым, мен шошқа бағатын сауыншы әйелдің баласымын, отбасында үшеуміз, әкеміз жоқ, мен ең кенже баламын. Үшеуміз де оқыдық, шаруашылықтарды басқардық, кейін мен жылдам көтеріліп, ол кезде ағам да аудан басшысы болатын, мен облысты басқарып, ағамды жұмысынан шығардым. Сіздіңше ерте ме? Қазір талдау жасап, қарап көріңіз, 26 жастағылар жоқ па екен? Әлде Кулагинді ғана көріп қалдыңыз ба?", - деді ол.
Сондай-ақ ол журналистердің өзінен "26 жаста басшы міндетін атқара алар ма едіңдер?" деп сұрады. "Сондықтан қазір айналаға қарайтын болсақ, олар аз емес. Сонда осында отырған 26 жастағылар өздерін талантсыз немесе басқару қабілеті жоқ санай ма, мысалы біреуге редакцияны тапсырса?", - деп сұрақ қойды ол брифингте, соңынан өзі соған жауап берді: "Ерте емес. Талаптансын", - деді ол, өз ұлы туралы.