13 қазан 2015 | 18:49

Кулагиннің жаңа орынбасары Қаржы полициясының былтыр таққан айыптарына қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысының әкімінің жаңа орынбасары Владимир Балахонцевке былтыр билікті асыра пайдаланды деген күдік келген. Қылмыс құрамының жоқтығына байланысты қылмыстық іс тоқтатылыпты. Бұл туралы әкімнің орынбасары айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысының әкімінің жаңа орынбасары Владимир Балахонцевке былтыр билікті асыра пайдаланды деген күдік келген. Қылмыс құрамының жоқтығына байланысты қылмыстық іс тоқтатылыпты. Бұл туралы әкімнің орынбасары айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Іс ашық болды, ол төрт айға дейін жалғасты. Қыркүйек айында іс қылмыс құрамының жоқтығына байланысы тоқтатылды", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне Балахонцев. 

Еске салайық, 2014 жылдың 28 мамырында ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі агенттік Владимир Балахонцевке қатысты қылмыстық істің қозғалғанын хабарлаған еді. Оған мемлекеттік сатып алулар конкурсын өткізу барысында қызметтік өкілін теріс пайдаланды деп күдік келген. Сол уақытта ол Солтүстік Қазақстан облысының әкімінің орынбасары болған.

Балахонцевтің айтуынша, СҚО әкімінің орынбасары қызметінен кейін ол "Заречное" ЖШС кәсіпорнында жұмыс істепті. 

Айта кетейік, Владимир Балахонцев бүгін Ақмола облысының әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ал облыс әкiмiнiң бұрынғы орынбасары Дулат Нұрмолдин басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз қызметiнен босаған болатын. Дулат Нұрахметұлы бүгiнде Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

"Қазіргі уақытта мен құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық сала және жол саласымен айналысамын. Солтүстік Қазақстан облысында екі жыл бойы осы салаларда жұмыс істедім", - деді әкімнің орынбасары. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети