13 ақпан 2023 09:18

"Құлауы мүмкін". Ақтауда амфитеатр сахнасындағы жарықтар видеоға түсірілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда 2018 жылы салынған амфитеатр сахнасында жарықтар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада.kz" сайтына сілтеме жасап.


Ақтауда 2018 жылы салынған амфитеатр сахнасында жарықтар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада.kz" сайтына сілтеме жасап.

Ақтау тұрғындары жағалаудағы амфитеатр сахнасында жарықтар пайда болғанын хабарлады.

"Келесі концертте адамдардың қысымымен сахна құлауы әбден мүмкін", - дейді жергілікті тұрғын Андрей Белов.

Қала әкімшілігі сахнаның жай-күйіне қатысты әзірге пікір берген жоқ.

Еске салайық, амфитеатр 150-шағынауданның жағалауында 2018 жылғы тамызда салынған. Ол рекорд қысқа мерзімде – жобаланған он емес, бір жарым айда салынды. Ұзындығы 70 метрден асатын сахнада 1000 әртіс бір уақытта өнер көрсете алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети