Күлекбаевтің қолынан қаза тапқан Аян Ғалиевті мемлекеттік сыйлыққа ұсыну сұралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күлекбаевтің қолынан қаза тапқан Аян Ғалиевті мемлекеттік сыйлыққа ұсыну сұралды © almaty.gov.kz

10 адамды атқан Руслан Күлекбаевтің қолынан қаза тапқан полиция старшинасы, екінші батальонның қызметкері Аян Ғалиевті мемлекеттік сыйлыққа ұсыну сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 адамды атқан Руслан Күлекбаевтің қолынан қаза тапқан полиция старшинасы, екінші батальонның қызметкері Аян Ғалиевті мемлекеттік сыйлыққа ұсыну сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сот ІІМ-нің Аян Ғалиевке ерлік көрсеткені үшін мемлекеттік сыйлық беруіне қатысты жеке қаулыны шығарады", - деді судья Ерлан Болат Руслан Күлекбаевқа қатысты үкімді шығарған соң. Айта кетейік, Алматыда 10 адамды атқан Руслан Күлекбаевті бүгін сот өлім жазасына кескен болатын.

Соттың шығарған үкімі қаза тапқандардың туыстарының барлығын қанағаттандырды. Аян Ғалиевтің қайын атасы Мұхамет Асанов сараптамаға сәйкес, Аянның тоғыз оқ жарақатын алғанын, бірақ ол Күлекбаевқа бес рет оқ атып, оның шабуылына тойтарыс бере алғанын айтты.

"Аян - менің күйеу балам. Ол ерлік көрсете отырып, қылмыскердің жасаған шабуылына тойтарыс берді. Тоғыз оқ жарақатын алды, Күлекбаевқа бес рет оқ атты. Алған жарақаттарына қарамастан Күлекбаевті тоқтата алды. Әйтпесе, мүлде сұмдық болар еді. Бірақ Аян жедел жәрдем келгенше, көз жұмды. Мен соттың шешімімен келісемін және Ғалиевке көрсеткен ерлігі үшін мемлекеттік сыйлық беруді сұраймын. Аянға Халық каhарманы атағын беруді сұраймын", - деді Мұхамет Асанов.


Мұхамет Асанов © Tengrinews.kz

Аян Ғалиевтің әйелі Анар Асанова да қаза тапқан күйеуіне Халық қаhарманы атағын беру лайықты екенін айтып өтті.

Айта кетейік, сот сотталушылардан қайтыс болғандардың туыстарына миллиондаған өтемақы өндіру үкімін шығарды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети