Синоптиктер Астана мен Алматыда ауа райы күрт нашарлайтынын ескертті. 23–25 мамырға арналған болжам жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы
23 мамыр – Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақыттарда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ пен екпінді жел болуы мүмкін. Солтүстік-батыс бағыттағы желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20, кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді. Түнгі температура +12…+14 °C, күндіз +17…+19 °C.
24 мамыр – құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Жел бағытын солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауыстырады, жылдамдығы 9–14 м/с. Түнде +8…+10 °C, күндіз +14…+16 °C.
25 мамыр – құбылмалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан, 9–14 м/с. Түнде +4…+6 °C, күндіз +11…+13 °C.
Алматыдағы ауа райы
23 мамыр – құбылмалы бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр, кей жерлерде қатты, найзағай және бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с, найзағай кезінде екпіні 18 м/с дейін жетеді. Түнде +16…+18 °C, күндіз +25…+27 °C.
24 мамыр – тағы да құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан 5–10 м/с, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Түнде +14…+16 °C, күндіз +23…+25 °C.
25 мамыр – құбылмалы бұлт, кейде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел батыс, оңтүстік-батыстан 5–10 м/с, найзағай кезінде екпіні 15 м/с дейін. Түнде +13…+15 °C, күндіз +25…+27 °C.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!