Құрлық әскерлері Жетісу облысында қаза тапқан сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы Жетісу облысында қаза тапқан сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы Жетісу облысында қаза тапқан сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 14 қаңтарда Сарыөзек гарнизонында далалық оқу-жаттығу кезінде әскери қызметші қаруды қолдану ережелерін бұзу салдарынан өмірге қауіпті жарақат алып, қаза тапқан.

"Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы жетекшілік ететін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр", – делінген таратылған хабарламада.

Сарбаз қызмет барысында өзін жақсы жағынан көрсеткені айтылған. Бөлімше басшылығына шағымдар немесе өтініштер түспеген. Қызметтік міндеттерін толық көлемде орындаған.

"Біз ата-анасының қайғысын түсінеміз және орны толмас қазаны бөлісеміз. Әрбір командир үшін сарбаздың қаза табуы – үлкен қайғы. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы сарбаздың туыстары мен жақындарына көңіл айтады және қажетті көмектің барлығы көрсетіледі", – деп толықтырды қолбасшылық.

Еске сала кетейік, 14 қаңтарда Жетісу облысында 18 жастағы сарбаз қаза тапқан болатын. Марқұмның туыстары Tengrinews.kz редакциясына жүгінген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer