25 қыркүйек 2014 14:18

Құрманғазы мен Пушкин бейнеленген постер жарнама агенттігін табыссыз қалдырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрғаны бейнеленген атышулы постер авторлары сотта ұлттық консерваториядан жеңіліп қалатын болса, моральдық шығын сомасын төлей алмай қалуы мүмкін, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінне Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігінің бас директоры Дария Хамитжанова айтты.


Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрғаны бейнеленген атышулы постер авторлары сотта ұлттық консерваториядан жеңіліп қалатын болса, моральдық шығын сомасын төлей алмай қалуы мүмкін, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінне Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігінің бас директоры Дария Хамитжанова айтты.

Компания жетекшілері консерваторияның талап арызымен танысты, онда оқу орны ұжымы агенттіктен 34 млн теңге талап етеді, әр талапкер бір миллионнан сұраған. Талап арызда агенттіктен республикалық БАҚ-тың көмегімен көпшілік алдында кешірім сұрау талап етілген. 

Студенттер мен оқытушылардың арызында жарнама рейтингін қуалаған постер авторларының ұлы өнер қайраткерлерін қорлағаны айтылған. Еске сала кетейік, постер Орталық Азия жарнамашыларының Red Jolbors Fest байқауына қатысқан болатын. "Euro RSCG Kazakhstan" ЖШС жарнама агенттігінің (Havas Worldwide Kazakhstan) постерді әлем бойынша көпшіліктің назарына кеңінен ұсынып, қазақтың және бізге рухани жақын орыс халқының тарихи мұрасын масқаралағаны ерекше наразылық туғызды. Халықаралық байқауға музыкалық және шығармашылық әлемнен алыс, тіпті, Құрманғазы шығармаларын білмейтін адамдар қатысқан болуы керек. Енді жауапкер әрекетінің кесірінен Құрманғазы бейнесі дәстүрлі емес жыныстық ориентацияны еске түсіретін болды", - делінген талап арызда.

Жарнама агенттігінің бас директоры талап арыздың сотқа жұртшылық талқылағаннан бір айдан кейін ғана түсіп отырғанына таңданыс білдірді. "Адамдар атышулы жанжалдан табыс тапқысы келіп отырған сияқты. Сот бұл талап арызды босқа қабылдады деп ойлаймын, бұл кез келген адамның сотқа шағымданып, қыруар сома талап етуіне жол ашады", - деді Хамитжанова.

Ол компанияның Құрманғазы атындағы консерваторияға миллиондаған моральдық шығын өтейтін ақшасы жоқ екенін айтты. "34 млн теңге сома орта бизнес субъектісі үшін өте үлкен, ондай ақша жоқ. Біз бұл постердің төңірегіндегі мағынасыз әрекеттердің неге соқтыратынын білмейміз", - дейді компания жетекшісі.

Бұған дейін соттың Пушкин мен Құрманғазының сүйісіп тұрғанын бейнелегендерге айыппұл салғаны хабарланған болатын. Әкімшілік хаттаманы Алматы қалалық ішкі саясат басқармасы толтырды. Сот жарнама агенттігінің бас директорына 129 640 теңге (70 АЕК), агенттікке 185 200 теңге (100 АЕК) көлемінде айыппұл салды. Қаулыға шағым келтіруге болады, бірақ Хамитжанова процестен соң апелляцияға жүгінбейтінін айтты.

Еске сала кетейік, "Студия 69" клубын жарнамалайтын постер әлеуметтік желілерде 24 тамыздан бастап таралды. Бұл сурет қоғам өкілдерінің наразылығын туғызды, наразы болғандар полицияға шағымданып, принт авторларын жауапкершілікке тартуды талап етті. Компания ресми түрде кешірім сұрап, постердің басып шығарылмайтынын және қайта жарияланбайтынын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети