Құрылтай сайлауына қай партиялар қатысады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құрылтай сайлауына қай партиялар қатысады? Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Орталық сайлау комиссиясы жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының сайлауына қатыса алатын саяси партиялар тізімін бекітті. Нәтижесінде сайлау науқанына жеті партия жіберілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орталық сайлау комиссиясы жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының сайлауына қатыса алатын саяси партиялар тізімін бекітті. Нәтижесінде сайлау науқанына жеті партия жіберілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сайлауға кімдер түседі?

Орталық сайлау комиссиясы келесі саяси партияларды сайлауға қатысуға жіберу туралы қаулыларды бірауыздан қабылдады:

  • "Әділет" партиясы;
  • "Ауыл" партиясы;
  • "Ақ жол" саяси партиясы;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП);
  • "Байтақ" Қазақстан жасылдар партиясы;
  • Қазақстан халық партиясы (ҚХП);
  • Respublica партиясы.

Amanat сайлауға қатысудан бас тартты

Amanat партиясы жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының сайлауына қатыспайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы отырысында ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты.

"Орталық сайлау комиссиясына Amanat партиясынан Құрылтай сайлауына қатыспау туралы хат түсті", – деді Әбдіров.

Еске сала кетейік, бұған дейін Amanat партиясы "Әділет" партиясына қосылу ниеті туралы мәлімдеген болатын. Нәтижесінде 14 маусымда Астанада "Әділет" партиясының II съезі өтіп, онда делегаттар Amanat партиясының қосылу бастамасын қолдады.

Қазақстанда бір палаталы Парламент болады

Бүгін, 1 шілдеде, Қазақстан ресми түрде "жаңа дәуірге" қадам басты – елде жаңа Конституция өз күшіне енді. Осы күннен бастап Мәжіліс пен Сенат өз жұмысын тоқтатты, депутаттары таратылды.

Жаңа Конституцияға сәйкес, Қазақстан Парламенті бір палаталы болып, Құрылтай деп аталады.

Елдің жаңа заң шығарушы органына сайлау жаздың аяғында өтеді. Тиісті жарлыққа бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Дауыс беру күні 23 тамызға белгіленді.

Құрылтай – Сенат пен Мәжілістің орнын басатын бір палаталы орган. Ол 5 жыл мерзімге сайланатын 145 депутаттан тұрады. Биліктің жаңа органы қалай жұмыс істейтіні, кімдер депутат бола алатыны және Президент қандай жағдайда оларды мерзімінен бұрын отставкаға жібере алатыны туралы толығырақ мына сілтеме арқылы оқыңыз.

Тағы оқыңыз: Құрылтай сайлауы: ОСК науқанның негізгі күндерін бекітті

Читайте также

Валюта бағамы

 479.23   545.81   6.14 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +19
Ақтау +21
Ақтөбе +18
Атырау +24
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +23
Қызылорда +23
П
Павлодар +17
Петропавл +22
С
Семей +24
Т
Талдықорған +25
Тараз +26
Түркістан +19
О
Орал +21
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер