5 жылға 145 депутат. Парламентте Құрылтай туралы заңды қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

5 жылға 145 депутат. Парламентте Құрылтай туралы заңды қабылдады Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс пен Сенат депутаттары палаталардың бірлескен отырысында "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Мәжіліс пен Сенат депутаттары палаталардың бірлескен отырысында "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәжіліс депутаты Марат Башимов құжаттың негізгі мақсаты - жаңа Парламент - Құрылтайдың қызметін ұйымдастыру және құқықтық реттеу, сондай-ақ оның депутаттарының құқықтық мәртебесін айқындау екенін атап өтті.

Жобаға сәйкес, Құрылтай 5 жылдық мерзімге сайланатын 145 депутаттан тұрады. Құрылтай төрағасының үш орынбасары болады, оларды Құрылтай депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен өзі сайлайды.

Сонымен қатар заң жобасында Құрылтай мен үкімет арасындағы өзара іс-қимыл тетіктері бекітілген. Атап айтқанда, сөз үкімет мүшелерінің кандидатуралары бойынша консультациялар өткізу, олардың есеп беру тәртібі, премьер-министрдің Құрылтай отырысында министрлер кабинетінің қызметі туралы баяндама жасауы, сондай-ақ үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру тәртібі туралы болып отыр.

Бұдан бөлек, Құрылтай Президентке вице-президентті, премьер-министрді, Конституциялық сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындауға келісім береді.

Сондай-ақ Құрылтай депутаттарына Президенттің ұсынуымен Жоғарғы сот судьяларын сайлау өкілеттігін беру ұсынылып отыр.

Заң жобасында Конституциялық сот пен Жоғарғы сот судьяларын ерекше қолсұғылмаушылық құқығынан айыру тетігі жеке жазылған. Сондай-ақ құжатта бұған дейін Парламент регламентінде қарастырылған депутаттық әдеп ережелері бекітілді.

"Баяндалғанды ескере отырып, Парламент палаталарының бірлескен комиссиясы "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заң жобасын қабылдап, Мемлекет басшысына қол қоюға жіберуді ұсынады", - деді Башимов.

Осыдан кейін Мәжіліс пен Сенат депутаттары заң жобасын қабылдау үшін дауыс берді.

Мән-жайы

Бұған дейін бірпалаталы Парламентке - Құрылтайға көшу конституциялық реформаның негізгі бөліктерінің бірі болғанын жазған едік. Жаңа Конституция жобасында Құрылтай құрамына 145 депутат кіретіні, ал олардың өкілеттік мерзімі 5 жыл болатыны қарастырылған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 471.99   547.77   6.66 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер