08 шілде 2022 12:22

Қылмыс жоқ жерден ойдан шығарылатын - Бектенов

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олжас Бектенов. Фото: Антикор Олжас Бектенов. Фото: Антикор

Көрсеткіштерді орындауға ұмтылған тәртіп сақшылары жоқ жерде қылмысты ойлап тапқан. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Олжас Бектенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көрсеткіштерді орындауға ұмтылған тәртіп сақшылары жоқ жерде қылмысты ойлап тапқан. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Олжас Бектенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бектенов аумақтық департаменттерде лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартқаны үшін қалай ұпай берілгенін айтты.

"Шенеуніктің дәрежесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жоғары ұпай берілген. Бұл ойға сияр емес! Бірақ солай болды. Залда отырғандардың көбі бұған куә. Біз бағалау жүйемізді талдап, көрсеткіштер массасында ең бастысы, азаматтардың жұмысымызға қанағаттануы жетіспейді деген қорытындыға келдік", - деді Олжас Бектенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, жедел жағдай мен арыз-шағымдарды бақылау азаматтардың Антикор жұмысына көңілі толмайтынын көрсетеді.

"Әлеуметтік желіде не жазып жатқанын көру қарапайым нәрсе. Адамдарға жақсы тұрғын үй мен жол қажет. Қолжетімді жер мен ауызсу. Сапалы білім мен медицина. Әділ сот пен қауіпсіз өмір сүру ортасы.

Міне, халықтың өтініштері. Ал біз осыларды естімей, "әдемі" статистика үшін жұмыс істеп жатырмыз. Сыбайлас жемқорлықты жою жұмысының тиімділігін ешбір цифр толық көрсете алмайтынына сенімдімін", - деп қосты Бектенов.

Ол әр басшы сан үшін, ең алдымен, азаматтардың өзекті мәселелерін шешуді емес, нысаналы индикаторларға ресми қолжеткізуді ойлайтынын атап өтті.

"Біз нақты нәтижеден гөрі процеске көбірек құмармыз. (...) Жұмыс әлі де көп/аз принципі бойынша бағаланады. Қалағаныңды істе, бірақ былтырғыдан көп қылмысты анықта. Мұнымен неге қолжеткіземіз? Ал облыста сыбайлас жемқорлық жағдайы жақсарып, шынымен қылмыс азайса ше? Сонда көрсеткіштерді қайдан алу керек? Бұл барлық мүмкін тәсілдермен қажетті нәтижеге қолжеткізуге итермелейді. Өкініштісі, мұның мысалдары көп", - дейді Антикор басшысы.

Бектенов көрсеткішті қуып кейде қылмыс жоқ жерден ойдан шығарылатынын айтты. Әрбір істің артында – адамның тағдыры бар. Осыны ұмытпауымыз керек, деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.9   490.7   4.95 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети