Қылмыстық кодекстің жаңа жобасын жасаушылар оның қазақ тіліндегі аудармасының елдің барлық аймағының тұрғынына бірдей түсінікті болуын ойластырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қылмыстық кодекстің жаңа жобасын жасаушылар оның қазақ тіліндегі аудармасының елдің барлық аймағының тұрғынына бірдей түсінікті болуын ойластырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Иә, мұндай мәселе бар. Бізге, жобаны жасаушыларға оның оңтүстікте де, солтүстікте де, шығыста да, батыста да бәрінің түсінгені маңызды. Өйткені кейбір мәселелер бар: оңтүстікте басқаша, солтүстікте басқаша айтылады. Солтүстікте біз "қайырлы болсын" деп құттықтасақ, оңтүстік халқы, керісінше, мұны садақа кезінде айтады. Сондықтан терминдер бір, ол Қазақстанның барлық аймағына бірдей түсінікті болуы қажет", - деді Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель журналистерге Сенат комитетінің жаңа Қылмыстық кодексті екінші оқылымға дайындауға арналған отырысынан соң.
Еске салайық, мұның алдында жобаның бірінші оқылымы кезінде сенаторлар ондағы терминдердің қазақ тіліне сауатты аударылуын талап еткен болатын. Мысалы, депутат Нұрлан Оразалин "личность" сөзінің аудармасына қатысты мәселені айтты: "Жобада бұл сөз "тұлға" деп аударылған. Тұлға - өз елінің халқына қызмет етуге ерекше үлес қосқан адам. Қылмыстық кодекс жобасында бұл сөз әрбір сөйлем сайын қолданылады және ол бастапқы мағынасынан айырылған". "Қылмыскер тұлға болып шыға келді", - деді ол.