Сенаторлар кодекс терминдерін қазақшаға сауатты аударуды талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенаторлар кодекс терминдерін қазақшаға сауатты аударуды талап етті ©Parlam.kz

Сенаторлар жаңа Қылмыстық кодекс жобасындағы терминдерді қазақ тіліне сауатты аударуды талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Сенаторлар жаңа Қылмыстық кодекс жобасындағы терминдерді қазақ тіліне сауатты аударуды талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"160-бап - "шпиондық". Қазақ тілінде бұдан да дұрыс баламасы бар ғой. 266-бап - "бандитизм". Мен "бандитизм" сөзінің түрлі тілдердегі аудармасын қарап шықтым, тәжік, араб, тіпті белорус тілінде де "бандитизмнің" баламасы бар", - деп наразылық білдірді Сенат депутаты Қожахмет Баймаханов.

"Белорус тілінде "бандитизм" қалай аударылады?" - деп сұрады жоғарғы палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев. "Кейін айтамын", - деді оған Баймаханов. 

Депутат "лидер" (ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі) сөзінің аудармасына да наразылық білдірді. "Біздің тіліміз бай, сөздік қорымыз мол", - деді сенатор.

Ал Қуаныш Айтаханұлы "личность" және "арест" сөздерінің қазақшаға дұрыс аударылмағанын айтты. "Қолданыстағы кодекстің редакциясы жаңа кодекс мазмұнына қарағанда мейлінше түсінікті", - деді ол.

"Личность" сөзінің аудармасы туралы депутат Нұрлан Оразалин былай деді: "Жобада бұл сөз "тұлға" деп аударылған. Тұлға - өз елінің халқына қызмет етуге ерекше үлес қосқан адам. Қылмыстық кодекс жобасында бұл сөз әрбір сөйлем сайын қолданылады және ол бастапқы мағынасынан айырылған". "Қылмыскер тұлға болып шыға келді", - дейді ол.

Айта кетейік, Google-дің сөздігі бойынша "бандитизм" сөзінің белорус тіліндегі аудармасы - "бандытызм".

 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +21
Ақтау +24
Ақтөбе +16
Атырау +23
Б
Балқаш +20
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +22
Қызылорда +16
П
Павлодар +18
Петропавл +16
С
Семей +18
Т
Талдықорған +20
Тараз +21
Түркістан +18
О
Орал +15
Ө
Өскемен +21
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер