11 ақпан 2020 09:31

Қырғыз БАҚ-тары Қордайдағы қанды оқиғаның басқа себебін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tengrinews.kz © tengrinews.kz

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауылда болған қақтығыстарды этникааралық не әлеуметтік жанжал деп бағалауға болмайды, өйткені бұл шекара маңында орналасқан ауылдар, мұнда есірткі трафигі, контрабанда және сыбайлас жемқорлық жайлаған аймақ болуы мүмкін, - деп хабарлайды "Вечерний Бишкек" газеті. 

Нақтыланбаған мәлімет бойынша Қордай ауданының Масанчи ауылында болған оқиғалардың негізгі себебі криминалдық ерегестер салдарынан шығуы мүмкін, оны Қазақстанның оңтүстігінде есірткі контрабандасын бақылайтын "Серік-голованың" тобы болуы мүмкін екені айтылады. 

Айта кетейік, қылмыс әлемінің серкесі таяуда ғана Алматыда ұсталған еді

"Жанамалап болсада мына деректер осы сөздерге дәлел болады. Біріншіден, жергілікті халықта қару-жарақтың болуы - бейбіт тұрғындарда осыншама қарудың қайдан пайда болғаны түсінікті. Екіншіден, жергілікті шенеуніктерді және полиция басшыларын жұмыстан алу", - деп жазады газет. 

Осы мақалада Айдос Сарымның "Бұл оқиғада үшінші күштердің қатысы бар" деген сөзі де айтылады.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 10 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам жүгінген. 
 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети