08 мамыр 2015 | 22:05

Қырғызстан ЕАЭО-ға кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сәйкес құжатқа одаққа мүше елдердің басшылары қол қойды.


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сәйкес құжатқа одаққа мүше елдердің басшылары қол қойды.

"Қазіргі уақытта біздің елде барлық азамат бүгін біз қол қоямыз ба әлде қоя алмаймыз ба деп күтіп отыр. Оның үстіне бұл Жеңіс мейрейтойының қарсаңында әсіресе маңызды. Және біз, әрине, барлық осы құжатқа қол қоямыз, артқа қарай жол жоқ, өзім үшін бұрын шешім жасап қойғанмын. Біздің сарапшылар ортақ шешімге келе ала ма деп қатты уайымдадым, соңғы екі-үш түн ұйықтамадым деуге болады. Сарапшылар бір сағат бұрын барлығының да көңілінен шығатын шешімге келді", - деді Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаев Жоғарғы еуразиялық кеңес отырысында.

"Айтыңызшы, не үшін ұйықтамадыңыз?", - деп сұрады Атамбаевтан Ресей президенті Владимир Путин. Бірақ жауапты БАҚ өкілдері тыңдай алмады, себебі Үлкен Кремль Сарайындағы баспасөз орталығының трансляциясы тоқтатылды.

Еске салайық, Қазақстан, Ресей және Беларусь 2014 жылы Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартқа қол қойған болатын. Құжат 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. 10 қазанда ЕАЭО-ға Армения қосылған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети