ПОДЕЛИТЬСЯ
27 тамыз 2021 | 13:01
Қырғызстан президенті Тоқаевқа көңіл айтты
Президент Садыр Жапаров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа әскери бөлімдегі жарылыстан адамдар қаза болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан президенті сайтына сілтеме жасап.

"Адам өліміне әкеп соққан жарылыс туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қырғыз Республикасы халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қайғылы оқиғаларға байланысты зардап шеккендер тезірек сауығып кетуін тілеймін. Біз орны толмас қазаның қайғысын бірге бөлісеміз", - делінген Мемлекет басшысының жеделхатында.
Айта кетейік, Жамбыл облысындағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 5-ке жеткені хабарланған болатын. Бұған дейін Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыстардан қаза тапқан төрт әскери қызметкер туралы толық ақпарат жарияланған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также