27 тамыз 2021 09:48

Тараз маңындағы жарылыстар: қаза болғандар тізімі жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыстардан қаза тапқан төрт әскери қызметкер туралы толық ақпарат мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыстардан қаза тапқан төрт әскери қызметкер туралы толық ақпарат мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

"Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасында өрт салдарынан келісімшарт бойынша екі әскери қызметші – 1981 жылы туған сержант Марат Сайлауұлы Мешінбай және 1981 жылы туған ефрейтор Руслан Жүрсінбайұлы Жанболатов, 1969 жылы туған әскерилендірілген күзет қызметшісі азамат Оразбек Дайырбекұлы Далибаев, оңтүстік аймақ әскери прокуроры әділет полковнигі А.Қ. Қапезов қаза тапты", - делінген хабараламада.

Сержант Марат Мешінбай мен ефрейтор Руслан Жанболатов өрттің алғашқы минуттарынан бастап әскери бөлімнің өрт сөндіру командасының құрамында болған. Жарылыстар кезінде, олар ауыр жарақаттар алған.

Әскерилендірілген күзет қызметшісі Оразбек Далибаев қойманы күзету жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі қызметін атқарды. Қызметтік міндеттерін атқару барысында оқ-дәрілердің жарылуы салдарынан қаза тапты.

"Қорғаныс министрлігі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қорғаныс ведомствосы тарапынан қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша барлық шара қабылданады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Жамбыл облысындағы жарылыстардан төрт әскери адам қаза тапқаны айтылған болатын. 27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатыр.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Бұған дейін Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 66-ға жеткені хабарланған болатын.

Тараз тұрғындарының айтуынша, қалада жарылыстар әлі де жалғасып жатыр. Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ол Тараз тұрғындарын сабырға шақырды.

Жарылыстардан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қауіпсіздік үшін жолдарға шектеу қойылғанын хабарлаған болатын. 

Жамбыл облысындағы жарылыстар: жедел желі нөмірлері жарияланды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети