26 тамыз 2021 23:45

Жамбыл облысындағы жарылыстар: жедел желі нөмірлері жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында тұрғындарды толғандыратын мәселелер бойынша ақпарат беру үшін жедел желі нөмірлері жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысында тұрғындарды толғандыратын мәселелер бойынша ақпарат беру үшін жедел желі нөмірлері жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Төтенше жағдайлар министрлігі, құқық қорғау органдары мен облыстық медициналық қызмет өкілдері жұмылдырылды. Әсіресе, осы жағдайға байланысты тұрғындарды толғандыратын мәселелер бойынша ақпарат беру үшін: 109 нөміріне қоңырау шалуға болады, WhatsApp желісіне 8-778-810-91-09 нөмірі бойынша хабарлама жіберуге болады. Сондай-ақ, 8 (7262) 54-41-67 сенім телефонына қоңырау шала аласыз", - делінген хабарламада.

Облыс орталығында апат аймағынан эвакуацияланғандар үшін 400-ден аса орын дайындалған. Қазіргі уақытта зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 32 дәрігер мен 56 медицина қызметкері жұмылды.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Тараз тұрғындарының айтуынша, қалада жарылыстар әлі де жалғасып жатыр. Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 60-қа жеткен. Бұған дейін 32 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Жарылыстардан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қауіпсіздік үшін жолдарға шектеу қойылғанын хабарлаған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети