26 тамыз 2021 23:04

Жамбыл облысындағы жарылыс: зардап шеккендер саны 60-қа жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 60-қа жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір әкімдігінің көкілдеріне сілтеме жасап. Бұған дейін 32 адам зардап шеккені хабарланған.


Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 60-қа жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір әкімдігінің көкілдеріне сілтеме жасап. Бұған дейін 32 адам зардап шеккені хабарланған.

Қалалық ауруханаға жеткізілген зардап шеккендердің саны 60 адамға дейін көбейді, олардың ішінде 11 әскери қызметші.

"Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасына түрлі жарақаттармен 60 адам түсті, оның ішінде 11 әскери адам (сауалнама мәліметтері нақтылануда)", - делінген әкімдік хабарында.

Ал эвакуацияланған елді мекендерді полиция күзетіп, қарақшылыққа жол бермеудің амалын жасап жатыр.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болған. Оқиғадан зардап шеккендер туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та хабарлады. Оның айтуынша, ТЖ дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети