26 тамыз 2021 23:32

"Бәрі қираған". Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін түсірілген видео тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жарылыс салдары түсірілген видео кадрлары Жарылыс салдары түсірілген видео кадрлары

Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін Желіде сол маңда түсірілген видео тарап жатыр. Онда әйел жарылыстан кейінгі дүкен ішін көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін Желіде сол маңда түсірілген видео тарап жатыр. Онда әйел жарылыстан кейінгі дүкен ішін көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде тараған видеода әйел адам алапат жарылыс болғанын айтады.

"Терезелер жоқ, бәрі қираған. Алапат жарылыс болды. Қалғаны осы. Бәрі қираған", - дейді жылап тұрған әйел кадр сыртында.

Кадрлардан алыста қара түтін шығып жатқанын көруге болады. Соның маңындағы дүкеннің іші видеоға түсірілген. Терезелер сынып, дүкен төбесіндегі ағаштар құлағанға ұқсайды.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болған. Оқиғадан зардап шеккендер туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та хабарлады. Оның айтуынша, ТЖ дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети