Қоймаларда не сақталғаны анықталды. Тараз маңындағы жарылыс

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған жарылыс кадрлары. Куәгерлер жолдаған суреттер Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған жарылыс кадрлары. Куәгерлер жолдаған суреттер

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыс болған әскери қоймалдарда не сақталғаны белгілі болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыс болған әскери қоймалдарда не сақталғаны белгілі болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өрт шыққан орынды оқшаулау жұмыстары жалғасып жатыр. Өрт себебі анықталып жатыр. Қоймаларда инженерлік қару-жарақ сақталған. Олар алысқа ұшпайтын заттар", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, халықтың қауіпсіздігі мақсатында жақын маңдағы үй тұрғындарын эвакуациялау ұйғарылды. Оқиға орнына қорғаныс министрінің орынбасары бастаған комиссия аттанды. Олар ТЖ салдарын жоюмен айналысатыны айтылады.

Мұның алдында Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі әскери қоймадан өрт шыққанын растаған еді.

"Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан белгіленбеген заттар жарылды. Өртті сөндіруге бөлімнің өрт сөндіру командалары, шынжыр табанды өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысы бойынша ТЖД өрт сөндірушілері көмек көрсетіп жатыр", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Кейін куәгерлер әлі де жарылыс болып жатқанын хабарлаған. Куәгерлердің айтуынша, әскери қойма жақтағы жарылыстар әлі де жалғасып жатыр. Жарылыс тіпті Тараз қаласы тұрғындарына естілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course up  533.94  course up  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer