27 тамыз 2021 11:45

Жамбыл облысындағы жарылыстар: қаза тапқандар саны 5-ке жетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысындағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 5-ке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысындағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 5-ке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің тағы бір әскери қызметкері қаза тапқаны белгілі болды.

"Өрт сөндіру командасының бастығы шартты қызмет старшинасы Нәдірбеков Еркін Ерікбайұлы 1992 жылы туған. Инженерлік оқ-дәрілер қоймасындағы өртті сөндіру бойынша жұмысты бастап барды. Жарылыс болған соң оқиға орнында қаза болады. Ол 27 тамызда таңертең хабарланған жоғалғандар тізімінде болған", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Жамбыл облысындағы жарылыстардан төрт әскери адам қаза тапқаны айтылған болатын. 27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатыр.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Бұған дейін Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 66-ға жеткені хабарланған болатын. Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ол Тараз тұрғындарын сабырға шақырды.

Жарылыстардан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қауіпсіздік үшін жолдарға шектеу қойылғанын хабарлаған болатын. 

Жамбыл облысындағы жарылыстар: жедел желі нөмірлері жарияланды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети