21 ақпан 2017 | 16:29

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі Атамбаевтың Қазақстан туралы айтқанына түсініктеме берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Naryk.kz © Naryk.kz

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Атамбаевтың Қазақстанға қатысты айтқан сөзін түсіндіріп берді. Елдің сыртқы істер вице-министрі Динара Кемелова мен Бішкектегі ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Айымдос Бозжігітовтың кездесуінде қырғызстандық тарап Қазақстанның "көршілерді оқшаулап тастады" деген сөзге қатысты дау болдырмауды ұсынды, - еп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Иконка комментария блок соц сети

"Өзара қарым-қатынас пен ықпалдастықты ары қарай конструктивті түрде жалғастыру үшін бұл мәселе бойынша дау болдырмай, назарда мемлекет басшылары қойған міндеттерге салған жөн болады", - деді Кемелова.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың 17 ақпанда Евроньюс арнасына берген сұхбатына қатысты Динара Кемелова 2010 жылы болған жағдайды түсіндірді. "Сәуірдегі оқиғаларға байланысты Қазақстанмен шекараны жабу адамдар үшін қиындықтар тудырған. Соның ішінде адам өліміне әкелген оқиғалар да болған. Атап айтқанда шекарадан заңды түрде өте алмаған бір топ жігіт Шу өзенінен жүзіп өтпек болған. Ата-аналары медициналық жәрдем алу үшін шекарадан өткзіе алмаған балалардың көз жұмып жатқаны туралы хабарламалар да келген", - дейді ол.

Кемелованың сөзінше, сол бір жарым айда қажетті дәрілер жеткізілмегендіктен, ауыр науқастар көз жұмған және көптеген адамның өміріне қауіп төнді. Шекараның жабылуы азаматтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ауырлатып жіберді.

Қырғызстан СІМ баспасөз қызметі бұл мәселеге қатысты толық жауап берілгендіктен ары қарай дау болдырмауды ұсынды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети