ҚР СІМ Атамбаевтың Қазақстан туралы мәлімдемесіне түсініктеме күтіп отыр

20 Ақпан 2017, 18:12
0

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың 2010 жылы "Қырғызстандағы адам өліміне Қазақстан кінәлі" деген сөзіне қатысті пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ойын Қырғызстан президенті Euronews арнасына берген сұхбатында айтқан еді.

"Біз бұл сөзді ескердік. Қазіргі кезде Қырғызстан тарапынан түсініктеме күтіп отырмыз. Әзірше бар ақпарат осы. Жаңа мәлімет болса, бірден хабар береміз", - дейді сыртқы саясат воедомствосының баспасөз қызметі.

Атамбаев Euronews тілшісінің "ЕАЭО Ресей мүддесіне көбірек жұмыс істейді деп есептемейсіз бе?" деген сұрағына: "Бізге біреумен сауда-саттық жасау керек, көршілермен жұмыс істеуіміз керек. Егер бұл одаққа кірмесек оқшау қалып қоятын едік. 2010 жылы Қазақстан бізді 1,5 айға оқшаулап тастаған кезде, бізде адам шығыны да болды. Оқшаулану жақсы емес болғандықтан, осындай жағдай болды. Енді біз қайда қосыламыз? Ауғанстанға ма? Біз Еуроодаққа кіруге дайынбыз. Мен мұны ұсындым, маған тура жауап берді: бізде ортақ шекара жоқ. Енді біз не істейміз? Бізде алты миллион адам бар. Оқшауланып алып, ну ормандағы тайпалар сияқты өмір сүру ме? Біз дамуымыз керек, бізге нарық керек", - деп жауап берген еді Қырғызстан басшысы. 


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай