11 сәуір 2022 13:24

Қырғызстанда өлі табылған қазақстандық сарбазға қатысты істің жай-жапсары белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Туыстары ұсынған Фото: Туыстары ұсынған

ҰҚК Қырғызстанда 10 сәуірде өлі табылған сарбаз Ұлықбек Бердішовті іздестіру жұмыстарының егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҰҚК Қырғызстанда 10 сәуірде өлі табылған сарбаз Ұлықбек Бердішовті іздестіру жұмыстарының егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, жоғалған сәттен бастап Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстары аумағында, оның ішінде Бердішовтың туыстарымен бірлесе үздіксіз іздеу іс-шаралары жүргізілген.

Мемлекеттік шекараны кесіп өтуін тексеру үшін Қырғызстанның шекара ведомствосы хабардар етілген.

"9 сәуірде Қырғызстан шекарашылары шекара сызығынан 2 шақырым жерде қалған әскери киім үлгісінің элементтері табылғаны туралы хабарлады. 10 сәуірде ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен заттар табылған орынды қарау үшін шекара өкілдігімен кездесу ұйымдастырылып, оның барысында Бердішовтың мәйіті табылды", - делінген хабарламада. 

Осы факт бойынша Қырғыз Республикасы Шу облысы Панфилов ауданының АІІБ тергеу іс-шараларын бастаған. Алдын ала диагноз: механикалық асфиксия, зорлық-зомбылық әрекет белгілері жоқ.

"2022 жылғы 11 сәуірде Шекара қызметі мәйітті ата-анасының тұрғылықты жері бойынша Қызылорда облысына жеткізуді ұйымдастырды.

Ұлттық қауіпсіздік органдарының басшылығы мен жеке құрамы Бердішовтың туғандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қазіргі уақытта Шекара қызметі оларға барлық жағынан, оның ішінде жерлеу іс-шараларын ұйымдастыру бойынша қажетті қолдау көрсетіп жатыр", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысындағы "Андас батыр" шекара бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген сарбазды туыстары бір айдан астам уақыт бойы іздестіріп жатқаны хабарланған болатын. Кейін жоғалған сарбаз 10 сәуірде өлі табылғаны туралы ақпарат шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети