Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 330.00
EUR / KZT - 390.72
CNY / KZT - 50.13
RUB / KZT - 5.65

Қырғызстаннан келетін әрбір 7-ші көлік ҚР заңнамасын сақтамайды - министр

17 Қазан, 17:13
10

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек қазақ-қырғыз шекарасында ереже бұзу деректерінің күрт өскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік тасымалдаушыларға бақылау күшейтілген. Алғашқы 7 күннің өзінде 2700-ден астам автокөлік құралы тексеруден өтті.

"Нәтижесінде 193 бұзушылық анықталған, олардың басым бөлігі қырғызстандық тасымалдаушыларға тиесілі - 60% (117), ресейліктерге - 20% (38) және қалған 20% (38) басқа мемлекет тасымалдаушыларына тиесілі (Түркия, Тәжікстан, Түркменістан және т.б.) Жыл басынан бері жалпы 58 655 шетелдік автокөлік құралы тексеруден өтті, нәтижесінде 2 538 бұзушылық тіркелген, олардың басым бөлігі қырғызстандық тасымалдаушыларға тиесілі - 933 ережебұзушылық", - деді министр Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

Осыған орай, оның айтуынша, шекара маңындағы аймақтарға қосымша жылжымалы көліктік бақылау бекеттері жіберілген. Мысалы, Жамбыл облысы бойынша 4 жылжымалы көліктік бақылау бекеті орналастырылды. Жергілікті полиция қызметі, экономикалық тергеу қызметі және мемлекеттік кіріс органдарымен бірлесіп, шекара асып жатқан көлік құралдарына 24 сағаттық бақылауды қамтамасыз етіп жатыр.

"Тексеру барысында қазақстан-қырғыз шекарасын асатын әрбір 6-7-ші автокөлік құралының ҚР көлік заңнамасын ескермейтіндігі анықталды. Өткен аптада 835 қырғыз көлігі тексеріліп, оның нәтижесінде 117 бұзушылық анықталды. Қырғызстандық тасымалдаушылар жіберген негізгі бұзушылықтар - жүк құжаттарының жоқтығы - 56 бұзушылық, артық салмақ мөлшері - 34 бұзушылық, каботаждық операциялар - 7 бұзушылық, қазақстандық жол жүру рұқсатының жоқтығы - 10, басқа бұзушылықтар - 10", - деді Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, тасымалданатын тауарлар құжаттарының жоқтығы (сертификат, декларация және т.б.) жүк тасымалдаудың және жүктің пайда болуының заңдылығына күмән келтіреді, әсіресе тез бұзылатын тауарларға қатысты екені айтылады.

"Бұл фактілерге қатысты материалдар мемлекеттік кіріс органдары мен экономикалық тергеу органдарына жағдайды одан әрі нақтылау үшін жіберілуі тиіс", - деді ол.

Министрдің айтуынша, Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша трактор (тягач) мен жартылай тіркеме (полуприцеп) құрамындағы автопойыздың рұқсат етілген массасы 40 тоннадан аспауы тиіс. Ал шын мәнісінде Қырғыз Республикасының көлік тасымалдаушылары шамадан тыс жүктемеге орын беріп, жолдарымызға үлкен залал келтiріп, олардың өткізу қабілетін азайтады.

"Мысалы, ағымдағы жылдың 13 қазанында қырғызстандық тасымалдаушыға тиесілі көлік құралын тексеру кезінде, жүктің рұқсат етілген нормадан 5 тоннаға артық болғаны анықталды. Есептік кезеңде тек қана шамадан тыс жүктеме үшін жиналған айыппұл көлемінің өзі шамамен 5 миллион теңгені құрады, деді министр", - деді министр.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (10)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай