23 ақпан 2018 13:55

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Қазақстанға жөнелтілген улы киімдер туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © zz.te.ua Иллюстрациялық сурет © zz.te.ua

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Талантбек Батыралиев Қарағанды облысының Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің балалар киімінен у табылды деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Талантбек Батыралиев Қарағанды облысының Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің балалар киімінен у табылды деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мұның Қырғызстаннан екені бойынша ресми сауалхатты алысымен нақты шараларды қолға аламын. Назарсыз қалдырмаймын. Қызметтік тергеу жүргіземін, тіпті прокуратураға жолдаймын, дәлелденсе, әрине. Бірінші ол Қырғызстанда жасалды ма, әлде біздің ел арқылы шетелден жеткізілді ме, соны анықтау керек", - дейді Талантбек Батыралиев.

Оның сөзінше, шара қолдану үшін өндірушінің мекенжайы мен компанияның атауы қажет. 

"Бізге қатысты болса, айналысамыз. Мәселе балалардың денсаулығына қатысты болып отыр. Ал оған көзқарас бүкіл әлемде бірдей болуы керек. Денсаулық сақтау министрлігінің де атынан осыны айтамын. Елімізде технологияны сақтамайтын фабрикалар болса, міндетті түрде жабу қажет", - деп аяқтады шенеунік. 

Еске салайық, Қырғызстаннан жеткізілген күртелер, жейделер мен белдемшелер тіпті жаңа туған нәрестелерге арналған ит көйлектерден де қауіпті газ - формальдегид анықталған болатын. 

"Бұл киімдердің барлығы Қырғызстаннен әкелінген. Кәсіпкерлер оларды Алматы, Бішкек қалаларының базарларынан тасиды. Олардың құрамында формальдегидтің мөлшері өте жоғары. Бұл балаларымыздың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Адамның денесіне біртіндеп сіңіп ауыр дерттерге шалдықтырады", - дейді Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Юрий Залыгин.

Санитарлар 2017 жылы тексерулер нәтижесінде 40-қа жуық кәсіпкерге ескерту жасап, оларға 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети