1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қыркүйекте ауа райы қандай болады?01 қыркүйек 2020, 15:40

Синоптиктер қыркүйекке арналған консультативтік болжамын жария етті,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

2020 жылғы қыркүйек айының орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1 градусқа жоғары, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде норма шамасында, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда - нормадан 1 градусқа төмен болады деп күтіледі.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде көпжылдық деректер бойынша үсік айдың бірінші жартысында, оңтүстік облыстарда - айдың соңында ғана байқалуы мүмкін. Алайда консультативтік болжамға сәйкес үсік солтүстік өңірлерде ағымдағы жылдың қыркүйек айының екінші онкүндігінде -5 градусқа дейін, ал оңтүстік өңірлерде - үшінші онкүндікте күтіледі.

"Қыркүйек айында жауын-шашын мөлшері тамыз айымен салыстырғанда ауа температурасының жалпы төмендеуі кезінде ауаның ылғал құрамының төмендеуі есебінен азаяды. Жауын-шашын аз қарқынды, бірақ ұзаққа созылады.

2020 жылғы қыркүйекте республика бойынша жауын-шашынның таралуы біркелкі емес сипатқа ие: жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Алматы облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл, Түркістан облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нормадан көп, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Қарағанды облысының батысында нормадан аз болады деп күтіледі", - дейді синоптиктер.

Күздің басында Қазақстан аумағында жазғы ыстық ауа райы сақталады. 3-6 қыркүйекте белсенді циклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде ауа массаларының ауысуы, желдің 15-25 м/с дейін күшеюі, жаңбыр күтіледі, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде күшті жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасының төмендеуі бірінші онкүндіктің ортасында күтіледі: 

ҚР батысында түнде +15+20°С-тан +7+15°С-қа дейін, күндіз +27+38°С-тан +20+27°С-қа дейін;

еліміздің солтүстік-батысында түнде +12+17°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +28+35°С-тан +14+25°С-қа дейін.

республиканың солтүстігі мен орталығында түнде +10+18°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +25+30°С-тан +10+20°С-қа дейін.

Онкүндіктің екінші жартысында ауа температурасының төмендеуі                  ҚР-ның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, түнде +13+22°С-тан +7+15°С-қа дейін, күндіз +30+36°С-тан +21+28°С-қа дейін болжанады.

Онкүндіктің соңында ауа температурасының төмендеуі Қазақстанның шығысын айналып өтпейді, температуралық фонның түнгі уақытта +10+18°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +27+32°С-тан +15+25°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі күтілуде.

Бірінші онкүндіктің соңында ҚР-ның басым бөлігінде қайтадан жылынады.

Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында температуралық режимнің ауытқуы болжанады:

түнде +5+13°С-тан -5+5°С-қа дейін, күндіз +20+28°С-тан +15+20°С-қа дейін;

ҚР оңтүстігі мен батысында түнде +5+15°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз +25+35°С-тан +10+20°С-қа дейін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!