26 қыркүйек 2022 12:38

Қыркүйекте қанша ресейлік Қазақстанда тұруға өтініш білдірген?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Қазақстанда қыркүйекте 900-ге жуық шетелдік тұруға ықтиярхат алу үшін жүгінген. Бұл туралы ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Аслан Аталықов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу үшін кез келген шетелдік өтініш бере алады.

"1-24 қыркүйек аралығында тұруға рұқсат алу үшін 896 шетелдік өтініш білдірді, оның ішінде 115 адам - Ресей азаматы. Тұрақты тұруға рұқсат алу үшін Қазақстанға заңды негізде келген кез келген шетелдік, оның ішінде Ресей Федерациясынан да өтініш бере алады. Шетелдік елге заңсыз келсе, онда тұруға рұқсат алу туралы сөз қозғалмайды. Тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылатын жағдайдың барлық шарты "Халықтың көші-қоны туралы" заңның 49-бабында көрсетілген", - деді Аталықов онлайн-брифинг барысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети