17 қаңтар 2021 09:40

Қытай ғалымдары әлемде коронавирустың таралуы бойынша наурызға болжам жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Профессор Сюй Цзяньго бастаған ауруларды бақылау және алдын алу орталығының, халық-азаттық армиясының және бірқатар ғылыми-зерттеу институттарының бір топ қытайлық ғалымдары 2021 жылғы коронавирус пандемиясының даму үлгісін жасап шықты. Бұл туралы РИА Новости жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Профессор Сюй Цзяньго бастаған ауруларды бақылау және алдын алу орталығының, халық-азаттық армиясының және бірқатар ғылыми-зерттеу институттарының бір топ қытайлық ғалымдары 2021 жылғы коронавирус пандемиясының даму үлгісін жасап шықты. Бұл туралы РИА Новости жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

South China Morning Post мәліметтері бойынша, ең нашар деген жағдайда бүкіл әлемде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны алдағы екі айда 94 миллионнан 170 миллионға дейін артады. Профессор Цзяньго әлемдегі ауру жұқтырғандардың жалпы санының бестен бір бөлігі АҚШ-қа тиесілі болатынын айтты.

"Наурыздың басында COVID-19-дан қайтыс болғандар саны бес миллионға дейін өсуі мүмкін", - деді ол.

Ең оптимистік сценарийді жүзеге асыру үшін барлық адам әлеуметтік қашықтық және бетперде тағу ережелерін ұстануы керек, ел үкіметтері тек тиімді шаралар қабылдап, жаппай вакцинация бағдарламасы бір орында тоқтамауы керек. Қытай ғалымдарының есептеулеріне сәйкес, осы шарттардың барлығының орындалуына қарамастан, биыл наурыздың басында бүкіл әлем бойынша COVID-19-дан тағы үш жүз мың адам қайтыс болады.

Ғалымдардың пікірінше, қазіргі басты проблема - SARS-CoV-2 вирусының тұмау сияқты дамуында. Бұл вирустың адам ағзасына бейімделуі аурудың маусымдық сипатына әкелуі мүмкін екенін және бұл онымен күресті едәуір қиындататынын білдіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети