27 наурыз 2021 12:46

Қытай Қазақстанға коронавирусқа қарсы вакцинаның 3 миллион дозасын жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © ️Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото © ️Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда коронавирусқа қарсы қытайлық Sinovac вакцинаның үш миллион дозасы мен COVID-19 жұқтырып, аурудан айыққан адамдарға арналған "Спутник Лайт" ресейлік вакцинаның тағы бір миллион дозасы жеткізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, Pfizer жеткізу үшін келіссөздер жүріп жатыр. 

"Қазір Қазақстанға 150 мың доза келе жатыр. Келесі аптада жетеді деп ойлаймын. Қарағандыдағы зауытта барлығы 750 мың доза өндірілді. Техниканың жұмысы оларды аймақтарға жеткізу, бір апта ішінде көлем орындалады деп ойлаймын. Сонымен қатар, келесі айда қарағандылық фармзауыт бір миллион доза шығарады", - деді министр Алматыдағы медициналық қоғамдастық отырысында сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ, Цой вакциналардың импорты туралы айтты. 

"Спутник V"-дан бөлек "Спутник Light"-тан - миллион доза болады, Ресей үкіметімен келісім бар, ал қазір үш миллионға жуық Sinovac жақындап қалды. Яғни, бұл вакцина да келеді. Файзермен де сөйлесіп жатырмыз", - деді Цой.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети