12 қараша 2021 13:31

Қытай Қазақстанмен шекарада тұрған жүктерді қабылдайды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қытай Қазақстан бағытындағы пойыздар санын көбейтіп, Қазақстан тарапынан тоқтап тұрған жүктерді қабылдауға ниетті. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қытай Қазақстан бағытындағы пойыздар санын көбейтіп, Қазақстан тарапынан тоқтап тұрған жүктерді қабылдауға ниетті. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 қарашада бейне-конференц-байланыс режимінде Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының (ҚХР) мүдделі мемлекеттік органдары арасында COVID-19 жағдайында Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасындағы автомобиль және теміржол өткізу пункттерінің жұмыс істеуі мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілді.

Қазақстандық делегацияны Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев, қытайлықтарды ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы халық үкіметі төрағасының орынбасары Лю Суше басқарды. Тараптар Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль және теміржол өткізу пункттерінде өткізу қабілетін арттыру бойынша бірлескен шаралар қабылдауға келісті.

"Қытай тарапы "Көлжат" - "Дулат" өткізу пунктінің қызметін қалпына келтіру үшін Қытай жағында өткізу пункттерінің эпидемияға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша құрылыс жұмыстарын жүргізу қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, ҚХР ШҰАА Халық үкіметі санитарлық - эпидемиологиялық бақылаудың қатаң шаралары сақталған жағдайда Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Майқапшағай-Зимұнай" автомобиль өткізу пунктінің қызметін қалпына келтіруге дайын екендігі туралы айтты", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қытай тарапы таяу уақытта Қазақстан бағытындағы пойыздардың санын көбейту және Қазақстан тарапынан тоқтап тұрған жүктерді қабылдау ақпаратын растады.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети