17 қазан 2023 09:51

Қытай Қазақстанның аумақтық тұтастығын толықтай қолдайды - Си Цзиньпин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа шақыруды қабыл алғаны үшін алғыс айтып, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа шақыруды қабыл алғаны үшін алғыс айтып, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ҚХР Төрағасы шақыруын қабыл алғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтті.

"Жоғары деңгейдегі "Бір белдеу, бір жол" халықаралық ынтымақтастығының III форумына қош келдіңіз. Орнықты әрі қарқынды қазақ-қытай қатынастары екі ел арасындағы өзара сенімді нығайтып, бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау ісінде батыл әрекет етуге септігін тигізеді. Халықаралық жағдайдың қалай құбылатынына қарамастан, Қытай мен Қазақстан өздерінің бастапқы ұстанымдарынан айнымай, бір-біріне жәрдемдеседі. Елдеріміз арасында достық қатынастар орнаған жылдар ішінде біз мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік қалыптастыра алдық. "Бір белдеу, бір жол" жобасын 10 жыл бұрын Қазақстанда көтерген едім", – деді Си Цзиньпин.

ҚХР Төрағасының айтуынша, Қытай Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын, сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды толықтай қолдайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети