06 мамыр 2016 17:48

Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасының күші жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақжарқын Тұрлыбай Ақжарқын Тұрлыбай

Бүгін, 2016 жылы 6 мамырда есірткі заттарын контрабандалау бойынша айыпталған Қазақстанның азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қылмыстық ic бойынша ҚХР Гуандун соты апелляциялық сотының жариялауы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сот Ақжарқын Тұрлыбайға бұрын қойылған өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жою және істі бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберу туралы үкім шығарды. Гуандун сотының қаулысы шағымдануға және наразылық келтіруге жатпайды және дереу күшіне енеді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, қазақстандық 20 жастағы студент Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурызында Қытай мен Малайзияның шекарасында ұсталды. Оның жүгінен 4,5 келі есірткі табылды. Қыз сөмкесінде есірткінің барын білмегенін айтты. Кейін Қытай соты оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети