15 маусым 2017 11:54

Қытайлық қыз Астана кафесінде тамақ қымбат екеніне шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gastronom.ru © gastronom.ru

Қытайлық турист қыз полицейлерге Астанадағы кафелердің біріндегі көтеріңкі бағаға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қытайлық турист қыз полицейлерге Астанадағы кафелердің біріндегі көтеріңкі бағаға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"14 маусымда шамамен сағат 22.00-да "102" пультының инспектор-операторына Қытай азаматшасынан қаладағы кафелердің біріндегі кешкі астың бағасына қатысты даулы оқиға туралы хабар келген. Полицейлер оқиға орнына барып, осы оқиғаны шешкен", - деді ІІД өкілдері.

Сондай-ақ, полицейлер Испанияның екі азаматына ұмытып кеткен жүктерін қайтарып берген.

"102" пультіне Испания азаматынан қоңырау келіп түскен. Ол әуежайдан Орынбор көшесіндегі мейманханаға таксимен жетіп, жүгін сол көлікте ұмытып кеткен. Полиция видеобақылау камераларын қарап болған соң көлік пен оның жүргізушісін анықтаған.

"Полицейлердің жүргізген жедел шараларының нәтижесінде Испания азаматтары жүктерін қайтарып алды. Қонақтар полицейлерге алғысын айтты", - дейді полициядағылар.

Сонымен қатар, полициядағылар 14 маусымда шамамен сағат 21.00-де Көкшетауға барар тасжолда "Бішкен-Түмен" автобусын тексеру кезінде Англиядан келген туристің полицияға хабарласқанын айтты. Ер адамның Астанада қажетті аялдамадан өтіп кеткені белгілі болды. Ол қалаға өз бетінше жете алмаған.

"Жол-патрульдік полициясының аға сержанты Қадыр Есжанов шетелдікті өз көлігімен "Номад" мейманханасына жеткізіп салған. Қызметкердің айтуынша, қиын жағдайда қалған адамға көмек көрсету - әрбір полицейдің борышы. Елорда қонағы полицейлерге алғыс білдірді", - деді елордалық ІІД өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети