02 наурыз 2021 12:51

"Қытайлықтар елімізге визасыз кірмек". Желіде жалған ақпарат тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: newsmir.info Фото: newsmir.info

Қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде республикада Қытай азаматтарына визасыз режим енгізілгені туралы хабарлама таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде республикада Қытай азаматтарына визасыз режим енгізілгені туралы хабарлама таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қытай азаматтарына қатысты визалық режим өзгергені туралы ақпаратты Сыртқы істер министрлігі жоққа шығарды.

"ҚР-ның Қытайдағы мекемелері ҚХР азаматтары үшін виза рәсімдеу, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне келісім, Қазақстан Республикасы визасының күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолдану мерзімін ұзарту және қысқарту қағидаға сәйкес рәсімделеді. Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің шешімі бойынша 2020 жылы наурыздан бастап ҚХР азаматтарына Қазақстан Республикасы коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімі бойынша виза беріледі", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстан Бас прокуратурасының жалған бұйрығы тарағаны хабарланған еді. Құжатта Ресейде есепке қойылған көлік иелеріне Қазақстан аумағында сенімхатсыз жүруге тыйым салынатыны айтылған. Кейін Бас прокуратура баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети