Қыздардың бетінен ұрған. Әкімдіктегілер "жаттықтырушының" әрекетіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыздардың бетінен ұрған. Әкімдіктегілер "жаттықтырушының" әрекетіне қатысты пікір білдірді Видеодан алынған кадр

Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы әлеуметтік желілердегі видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы әлеуметтік желілердегі видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық спорт басқармасының мәліметінше, 14-15 желтоқсанда Мұнайлы ауданында волейболдан Маңғыстау облысының аға жаттықтырушысы Н.Г. Вахтинаны еске алуға арналған спорттық іс-шара өткен. Оған көрермендер қатыспаған.

Өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, жарыста санитариялық-дезинфекциялық талаптар сақталған.

"Азамат Тұрмағамбетов Жаңаөзен қаласы №3 орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы ретінде тіркелмеген. Жарысқа оны ешқандай ұйым жіберген жоқ, ол жеке тұлға ретінде қатысты. Бұл оқиға бойынша тексеру комиссиясы құрылып, А. Тұрмағамбетовқа қатысты шара қолданылады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Маңғыстау облысында жаттықтырушының дөрекі әрекеті видеоға түсіп қалғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети