"Қыздардың бетінен ұрған". Видеоға түсіп қалған педагог жұмыстан шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қыздардың бетінен ұрған". Видеоға түсіп қалған педагог жұмыстан шеттетілді Видеодан алынған кадр

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері педагогтың қыздардың бетінен ұрған сәті түсіп қалған видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері педагогтың қыздардың бетінен ұрған сәті түсіп қалған видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Балалардың құқықтарын қорғау комитеті видеоны зерттегеннен кейін шұғыл түрде білім беру ұйымы мен жарысқа шығуды ұйымдастырған педагогтың аты-жөнін анықтады. Әрине, мұғалімнің балалардың құқықтары мен педагогикалық этика нормаларын бұзатыны анық байқалады. Бұл ретте балалардың жарысқа шығуы және қатысуы қалалық білім бөлімінің рұқсатынсыз өткізілді.

Қазір педагог жұмыстан шеттетілді, білім бөлімі тиісті тексеру жүргізіп жатыр. Балалармен жұмыс істейтін кез келген адам әрдайым педагогикалық этика нормаларын сақтауы керек", - деді Юлия Овечкина.

Мұның алдында әкімдіктегілер осы видеоға қатысты пікір білдірген еді.

Айта кетейік, осыған дейін Маңғыстау облысында жаттықтырушының дөрекі әрекеті видеоға түсіп қалғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети